Введите номер документа
Прайс-лист

«Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Жоба) (2005 ж. 30 қыркүйек)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 30 сентября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 30 сентября 2005
Дата последнего измененияпятница, 30 сентября 2005

Жоба

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

«Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң

мәртебесі және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» заңына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 973 Қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзілді

 

1-бап. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостерi, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Ведомостерi, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) барлық мәтiн бойынша "әскери қызмет", "әскери қызметті", "әскери қызметтен", "әскери қызметке" деген сөздер тиiсiнше "әскери қызмет", "әскери қызметті", "әскери қызметтен", "әскери қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) барлық мәтiн бойынша "әскери жиын", "әскери жиындардың" деген сөздер тиiсiнше "әскери жиын", "әскери жиындардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап. Әскери қызметшілер мәртебесi бар адамдар.

Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда мемлекеттік әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметшiлер болып табылады.

Оларға әскерге шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызмет ескеретiн әскери қызметшілер, сондай-ақ әскери жиындарға шақыру кезеңiнде әскери мiндеттілер жатады.

Азамат әскери қызметке белгіленген (шақырылған, кiрiскен) күннен бастап әскери қызметші мәртебесіне ие болады және одан босатылуына байланысты әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарылған күннен бастап айырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами