Введите номер документа
Прайс-лист

БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2005 ж. 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi
туралы ереже
1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi - Комитет) iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң құзыретi шегiндегi ведомство болып табылады.

Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттік саясатты iске асыру және мемлекеттік басқару, азаматтық және эксперименталдық авиацияның әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы қызметiн, ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауiпсiздiктi бақылау болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

Комитеттiң, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом