Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 1025 Қаулысы (2005.21.12. берілген өзгерістерімен)

Информация о документе
Датапятница, 14 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 14 октября 2005
Дата последнего измененияпятница, 14 октября 2005

«Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 1025 Қаулысы

(2005.21.12. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2005.21.12. № 1261 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен:

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын шетелге iссапарға жiберу жөнiндегі шығыстарды төлеу үшін 35000000 (отыз бес миллион) теңге сомасында және өкілдiк шығындарды талап ететiн халықаралық iс-шараларды өткізу жөніндегі шығыстарды төлеу үшiн 20000000 (жиырма миллион) теңге сомасында;

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестiкті қорғау комитетiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн 5000000 (бес миллион) теңге сомасында;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi бойынша республикалық кеңес өткізуге 7097500 (жетi миллион тоқсан жетi мың бес жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом