Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 95 Қаулысы
(2016.28.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен күші жойылды
Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем құжаттарын ресімдеу және ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.28.01. № 30 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2000 жылғы 20 қараша - 3 желтоқсанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 16 қарашадағы № 439(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1711 тіркелген) және 2003 жылғы 4 шілдедегі № 204 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2445 тіркелген) қаулыларымен бекітілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде: