36-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
Активтердің құнсыздануы
Осы стандарт 1999 жылғы 1 шілдеден немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енді.
1998 жылғы шілдеде 38-“Материалдық емес активтер” ХБЕС, 22-“Бизнес бірлестіктері” ХБЕС-н қабылдау нәтижесінде Кіріспедегі және 39, 40 және 110-параграфтарға қарама-қайшы сілтемелеріне және терминологиясына өзгерістер енгізілді. Осыған қосымша ретінде, 38-ХБЕС қабылдануына байланысты, 5-параграф “белсенді нарық” анықтамасымен толықтырылды. Және де соңында, А қосымшасының А47, А48 және А57-параграфтарының мәтініндегі шамалы редакциялық келіспеушіліктерге байланысты түзетулер жасалды.
2000 жылғы сәуір айында 40-“Инвестициялық жылжымайтын мүлік” ХБЕС-ның қабылдануына байланысты 1-параграфқа өзгеріс енгізілді. Өзгеріс 2001 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енді.
2001 жылғы қаңтар айында 41-“Ауыл шаруашылығы” ХБЕС-ның қабылдануына байланысты 1-параграфқа өзгеріс енгізілді. Өзгеріс 2001 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілік үшін күшіне енді.
Кіріспе
1. Осы стандарт (36-ХБЕС) барлық активтердің құнсыздануына арналған ақпаратты есепке алу және ашу тәртібін сипаттайды. Ол актив құнының орнын толтыруды бағалауға және құнсыздану залалдарын мойындауға қойылатын, мыналарға енгізілген талаптардың орнын ауыстырады:
(а) 16-“Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар” ХБЕС (16-ХБЕС қараңыз);
(b) 22-“Бизнес бірлестіктері” ХБЕС (22-ХБЕС қараңыз);
(с) 28-“Қауымдастырылған кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу” ХБЕС (28-ХБЕС қараңыз); және
(d) 31-“Бірлескен қызметке қатысу туралы қаржы есептілігі” ХБЕС (31-ХБЕС қараңыз).
36-ХБЕС бұрынғы талаптар мен түсіндірмелерден негізгі айырмашылығы - ол жеке “Қорытындыларға арналған негіздерде” келтіріледі.