«Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнын
түзетудің нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы № 209 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен кеден одағы комиссиясының кеден құны декларациясын және кеден құнын түзетуді толтыру тәртібін және нысандарын айқындау мәселелері бойынша шешімінің күшіне енген сәтінен бастап күшін жойды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 318-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуді одан әрі жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кеден құны декларациясының нысанын толтыру тәртібін, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2304 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдедегі № 30 (135) «Ресми газетте» жарияланған) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 мамырдағы № 209 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кеден құнын түзетудің нысандарын толтыру тәртібінде (бұдан әрі - Тәртіп):
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«КҚТ-мен түзетілген (соңғы) мәліметтер көрсетіледі.»;
5-тармақта:
бірінші абзацта «3,»деген саннан кейін «4,»деген санмен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы отыз үшінші, отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«2 - СЭҚ ТН кодын деталдауға байланысты түзету жүргізілді;
3 - бір және одан да көп СЭҚ ТН кодтарын біріктіруге байланысты түзету жүргізілді.»;
мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«4-баған. «Аталған ЖКД бойынша КҚТ-ның реттік нөмірі».
Аталған ЖКД бойынша КҚТ-ның реттік нөмірі қойылады.»;