«Қазақстан Республикасынын Ұлттық Банкі Басқармасының
«Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде
тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы
13 маусымдағы № 229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасынын Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 113 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері бойынша тексеру ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін жекелеген нормаларды нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазакстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жургізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 13 маусымдағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1922 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2002 жылғы 27 шілдедегі 162-163-нөмірлерінде және «Егемен Қазақстан» газетінің 2002 жылғы 30 шілдедегі 171-нөмірінде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Баскармасының 2004 жылғы 25 кыркүйектегі № 134 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 тіркелген) бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген каулымен бекітілген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесінде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ереже «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазакстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.