Введите номер документа
Прайс-лист

«Ақтау - Құрық және Құрық - Жетібай автомобиль жолдарын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесіне қосу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1095 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 3 ноября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 3 ноября 2005
Дата последнего изменениячетверг, 3 ноября 2005

«Ақтау - Құрық және Құрық - Жетiбай автомобиль жолдарын республикалық
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне қосу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы № 1095 Қаулысы

 

"Құрық портпунктiнiң" дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне:

ұзақтығы 59 километр Ақтау - Құрық және ұзақтығы 64 километр Құрық - Жетiбай автомобиль жолдары қосылсын.

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Маңғыстау облысының әкімімен бiрлесiп, жоғарыда көрсетiлген автомобиль жолдарын қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзілсiн:

көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде:

"A-34 Жетiбай - Жаңаөзен - Фетисово - Түркменстан Респ.шек. (Түркменбашы қаласына) 237" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"A-35 Ақтау - Құрық 59

А-36 Құрық -  Жетібай 64";

"Жиыны" деген жолдағы "22995,9" деген сандар "23118,9" деген сандармен ауыстырылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом