«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
2005 жылғы 7 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі:
реттік нөмірі 12-жолда:
«табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда «акционерлік қоғамы» деген сөздердің алдынан «Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 13-жолда:
«табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда «акционерлік қоғамы» деген сөздер «жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жолда:
«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«электр энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтер»;
реттік нөмірі 52-жолда:
«табиғи монополиялар салалары» және «реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген бағандарда «кірме жолдардың қызметтері» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 110-жолда:
«табиғи монополия субъектісінің атауы» деген бағанда «Қызылорда электр желілік бөлуші компаниясы» деген сөздер «Қызылорда бөлуші электр желілік компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 128-жолда: