«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 Қаулысы (2006.03.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.03.04. № 229 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Әсет Өрентайұлы Исекешевті;
Даму Банкінің президенті - Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты қайта сайлау ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.