Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең аз резервтік
талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2002 жылғы 3 тамыздағы № 300
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы
17 қарашадағы № 146 Қаулысы
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006.27.05. № 38 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты ең аз резервтік талаптар нормативінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы № 300 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2002 жылғы 21 қазан - 3 қарашада жарияланған, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 173 қаулысымен, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3717 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең аз резервтік талаптар туралы ережеде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: