Введите номер документа
Прайс-лист

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 596 бұйрығымен бекітілген) (2006.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 14 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 14 октября 2005

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2005 жылғы 14 қазандағы

№ 596 бұйрығымен бекітілген

 

Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесі

(2006.20.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Өсімдіктерді қорғау туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген, пестицидтерді (улы химикаттарды) (бұдан әрі - пестицидтер) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын регламенттейді және нақтылайды.

2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) аэрозольдік тәсіл - пестицидтерді аэрозольдік генераторларды пайдалана отырып аэрозольді бөлшектер (сұйықтықтың ұсақ тамшыларының немесе пестицидтердің қатты бөлшектерінің ауада қалқып тұрған) түрінде қолдану;

2) фумигациялық тәсіл - ауыл шаруашылығы объектілерін (өсімдік текті өнімді, астықты және басқа карантинге жатқызылған өнімді өсіруші, дайындаушы, қоймалаушы, қайта өңдеуші және сатушы ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің, үй жанындағы және саяжай шаруашылықтарының қоймалық және өзге үй-жайларын, астық қабылдау орындарын, астық қоймаларын, жылыжайларын, топырақтарын) пестицидтердің буларымен немесе газдарымен түтіндету жолымен залалсыздандыру.

 

 

2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары

 

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2006.20.01. № 29 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы департаменттері және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами