ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген)
Шартты банк салымында резидент еместердің кірісінен табыс салығын
орналастыру сәтінен бастап есептелген, оны мемлекет бюджетіне аударғанға
дейінгі банк сыйақыларының сомасы туралы мәліметтерді жасау ережелері
(101.10 Нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 198-бабына сәйкес резидент-банктер 101.10-нысан бойынша Шартты банк салымында резидент еместердің кірісінен табыс салығын орналастыру сәтінен бастап есептелген, оны мемлекет бюджетіне аударғанға дейінгі банк сыйақыларының сомасы туралы мәліметтерді (бұдан әрі Мәліметтер) жасау тәртібін айқындайды.
2. Мәліметтерді жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Мәліметтерді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Мәліметтерді беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;
2) қағаз тасығышта почта бойынша тапсырысты хатпен салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Мәліметтерді қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.
5. Мәліметтерге Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Шартты банк салымында резидент еместердің кірісінен табыс салығын
орналастыру сәтінен бастап есептелген, оны мемлекет бюджетіне аударғанға дейінгі банк сыйақыларының сомасы туралы мәліметтер - 101.10-нысанын жасау