Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘМ ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Осы редакция  2005 ж. 30 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
Тiркеу қызметi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын (бұдан әрi - азаматтар), жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тiркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады.

Комитеттiң негiзi мiндетi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, азаматтарды, жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу және тіркеу, азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру болып табылады.

2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом