Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі
№ 173 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Президентінің 2006 ж. 12 қазандағы № 201 Жарлығымен күші жойылды
Қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 16 шілдедегі № 173 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколындағы 1-бөлім 1-1-бөлім деп саналсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-бөліммен толықтырылсын:
"1-бөлім. Сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің
қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімін дайындау мен өткізудің
тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
Сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуінің салтанатты рәсімі (инаугурация) ол сайланған жылдан кейінгі жылғы қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Ұлықтау (инаугурация) Астана қаласында, Президенттің "Ақорда" Резиденциясында өткізіледі.
2-тарау. Ұлықтауға қатысатын адамдар
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ұлықтау салтанатына Парламенттің қос Палатасының депутаттары, Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық бұрынғы Президенттері қатысады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы және Президент Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, өзге де орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, шет мемлекеттердің және үкіметтердің басшылары, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстанның және халықаралық қоғамдастықтың, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға хақылы.
3-тарау. Ұлықтауды дайындау мен өткізудің тәртібі