Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Аукциондардан алым бойынша декларацияны жасау
ережесі
(810.00 нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса беріп отырған 810.00 нысан бойынша аукциондардан алым бойынша декларацияны (бұдан әрі - нысандар) жасаудың тәртібін қарастырады:
1) 810.00 нысан бойынша Аукциондардан алым бойынша декларация (бұдан әрі - 810.00 нысан бойынша Декларация);
2) 810.01 нысан бойынша Аукциондардан алым бойынша декларацияға қосымша (бұдан әрі - 810.01 нысан бойынша қосымша).
2. 810.00 нысан бойынша Декларация аукциондардан алынатын алымның жалпы сомасын мәлімдеуге арналған.
810.01 нысан бойынша қосымша әр аукцион бойынша аукционнан алым сомасын анықтау үшін арналған.
3. Мүлікті бірнеше аукциондарда сатқан болса (мүлік құқығын), әр аукцион бойынша 810.01 нысан бойынша тиісті қосымша жеке бет толтырылады. Бұл ретте 810.01 нысан бойынша бойынша тиісті қосымша жеке бет саны өткізілген аукцион санымен сәйкес болуы тиіс.
4. Нысанды жасау кезінде:
1) қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.
6. Тиісті торкөздерінің көрсеткіштері жоқ болған кезде нысандар толтырылмайды.
7. Нысанды беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеуші нысанды қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.