Введите номер документа
Прайс-лист

Бірыңғай жер және әлеуметтік салықтар бойынша декларация жасау ережелері (920.00 нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2005.12.12. № 554 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 декабря 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 января 2007

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 554 бұйрығымен бекітілген

 

Бірыңғай жер және әлеуметтік салықтар
бойынша декларация жасау ережелері
(920.00 нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды (бұдан әрі - нысандар) енгізетін бірыңғай жер және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияны жасау тәртібін қарастырады:

1) 920.00 нысаны бойынша бірыңғай жер және әлеуметтік салықтар бойынша декларация (бұдан әрі - 920.00 нысаны бойынша декларация);

2) Бірыңғай жер және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияға 920.01 нысаны бойынша қосымша (бұдан әрі - 920.01 нысаны бойынша қосымша).

2. 920.00 нысаны бойынша декларация шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану кезінде бірыңғай жер және әлеуметтік салықтардың сомаларын мәлімдеуге арналған.

920.01 нысаны бойынша қосымша бірыңғай жер және әлеуметтік салықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкер үшін және шаруа (фермер) қожалығының мүшелері үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған. Бірыңғай жер салығын есептеу:

тұрақты және (немесе) уақытша алғашқы жер пайдалану, жеке меншік құқығындағы барлық жер телімдері бойынша;

қайталама жер пайдалану құқығындағы жер телімдері бойынша жүргізіледі.

3. Салық төлеушіде әрбір жер телімі бойынша әртүрлі көрсеткіштері (иемдену кезеңдері; жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар және т.б) бар жер телімдері болған жағдайында, әр жер теліміне 920.01 нысаны бойынша қосымшаға жеке парақ толтырылады.

4. Нысандарды жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - нысандар қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами