«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 2 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 44, 559-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
"3. Жалпы орта білім беру" деген бөлімде:
реттік нөмірі 7-жолдың 5-бағанындағы "2005 жылғы IV тоқсан" деген сөздер "2006 жылғы II тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |