Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Жинақтаушы
зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы
ережені бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 127 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 қарашадағы
№ 413 Қаулысы
ҚР Қаржы нарғын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.27.10. № 222 Қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 127 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2316 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 тамыздағы № 285 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2479 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 486 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2664 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 379 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3428 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 385 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін: