Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 554 бұйрығымен бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен күші жойылды
Қоршаған ортаның ластануы үшін
төлем бойынша Декларация жасаудың
ережесі
(870.00 нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды (бұдан әрі-нысан) енгізетін қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша Декларация жасау тәртібін қарастырады:
1) 870.00 нысаны бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша Декларация (бұдан әрі - 870.00 нысаны бойынша Декларация);
2) 870.01 нысан бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша Декларацияға қосымша (бұдан әрі - 870.01 нысаны бойынша қосымша).
2. 870.00 нысаны бойынша Декларация қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемнің үшін төлемнің жалпы сомасын мәлімдеуге арналған.
870.01 нысан бойынша қосымша рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын айқындауға арналған.
3. Егер салық төлеуші арнайы табиғат пайдаланудың бірнеше түрін жүзеге асырған жағдайда рұқсаттық құжатта көрсетілген ластағыш заттың әрбір түрі бойынша 870.01 нысан бойынша қосымшаның жеке парағы толтырылады.
4. Нысанды жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.
6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.
7. Қосымшаларда көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда 870.00 нысан бойынша Декларация аталған қосымшаларсыз ұсынылады.
8. Нысандарды беру кезінде: