«Демпингке қарсы шаралар туралы »
1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 Қазақстан Республикасының Заңы
Осы редакция 2006 ж. 09 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң демпингке қарсы іс қарауды жүзеге асыру, отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызатын теріс пиғылды бәсекеден қорғау мақсатында демпингке қарсы шараларды енгізу және қайта қарау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) демпингке қарсы баж - демпингтік тауар импортына салынатын кеден бажының ставкасынан тыс белгіленетін баж;
2) демпингке қарсы істі қарау - егер бұлайша сату ұқсас тауарды отандық өндірушілерге материалдық залал келтірсе немесе оны келтіру қаупін төндірсе, өзінің қалыпты бағасынан төмен баға бойынша сатылатын тауар беру жөніндегі құжаттарды қарау рәсімі;
3) демпингке қарсы шаралар - демпингтік тауар импортына ұқсас тауарларды отандық өндірушілерге материалдық залал келтіруді немесе оны келтіру қаупін жою үшін демпингке қарсы уақытша шаралар, демпингке қарсы баж немесе баға міндеттемелері нысанында қолданылатын әкімшілік-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;
4) демпингке қарсы уақытша шаралар - демпингке қарсы iстi жүргiзу процесiнде Қазақстан Республикасы банкінің кепiлдiк берiлген ақша депозиттерi және (немесе) кепiлдiгi түрiнде демпингтiк тауар импортына қолданылатын демпингке қарсы алдын ала шаралар;
5) өзара тәуелдi тараптар - жорамалдап алғанда демпинг нысанасы болып табылатын тауарды берушiлерге байланысты немесе өздерi берушiлер болып табылатын өндiрушiлер немесе сатып алушылар (мәмiлеге қатысушылар). Араларындағы қатынастар өз қызметiнiң немесе өздерi өкiлдерi болып табылатын тұлғалар қызметiнiң жағдайларына немесе экономикалық нәтижелерiне тiкелей ықпал етуi мүмкiн жеке адамдар және (немесе) заңды тұлғалар өзара тәуелді деп танылады, атап айтқанда:
бiр адам басқа адамның мүлкiне қатысады және мұндай қатысу үлесi 33 проценттен астам болады;