Введите номер документа
Прайс-лист

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург қ. 2006 ж. 25 қаңтар) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 25 января 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 января 2015

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы
10 қазандағы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
(Санкт-Петербург қ. 2006 ж. 25 қаңтар)

 

2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

2006.04.07 № 154-III ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,

2006 жылғы 25 қаңтардағы Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып,

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың 19-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы уағдаласты:

 

1-бап

 

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Шарттың 13-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Мемлекетаралық Кеңес "мүдделі Уағдаласушы Тараптың дауысын алып тастағандағы консенсус" қағидаты бойынша қабылданатын мүшелікті тоқтата тұру туралы немесе Қоғамдастық мүшелігінен шығару туралы шешімдерді қоспағанда, барлық шешімдерді консенсуспен қабылдайды.

2. Интеграциялық Комитетте шешімдер 2/3 көпшілік дауыспен қабылданады. Егер шешімдерді қабылдауға бес Уағдаласушы Тарап дауыс берген жағдайда, бірақ бұл ретте ол 2/3 көпшілік дауысты жинамаса, онда мәселе Мемлекетаралық Кеңестің қарауына беріледі. Әрбір Уағдаласушы Тараптар дауыстарының саны оның ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдер комиссиясының мәжілістерін өткізуді қаржыландыруға арналған Қоғамдастықтың бюджетіндегі үлестік жарнасына сәйкес келеді және:

Беларусь Республикасы - 15 дауысты,

Қазақстан Республикасы - 15 дауысты,

Қырғыз Республикасы - 7,5 дауысты,

Ресей Федерациясы - 40 дауысты,

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом