«Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, сондай-ақ «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылы 27 қыркүйектегі № 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 1988 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылы № 41-42 бюллетенінде, 722-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықта:
2-тармақта:
6) тармақшада «(кино-, теле және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар)» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшада: «кескіндеме» деген сөз «мүсіндеме» деген сөзбен ауыстырылсын, «мүсіндеме» деген сөз «кескіндеме» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: