Жоба
Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - 2007 жылғы 21 шілдедегі № 307-III ҚР Заңың қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 жыл, № 13, 99-құжат, 2005 жыл, № 9, 26-құжат):
127-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. «Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер телімдері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.»;
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін тәртіп бойынша тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде қорғалатын аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің күзет аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган аталған аймақтар шегінде кез келген шаруашылық қызметті шектеуі мүмкін.«.
2. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы Заңына(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 жыл, № 15, 363-құжат; 1995 жыл, № 20, 120-құжат; 2004 жыл № 23, 142-құжат):
1) атауында және мәтін бойынша: