Введите номер документа
Прайс-лист

«Темір жол көлігіндегі жүктерді тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 Бұйрығымен бекітілген) (2007.13.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 3 февраля 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 октября 2010

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 587 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық  сақтау министрлігінің

 2006 жылғы 3  ақпандағы № 43

 Бұйрығымен

бекітілген

 

 «Темір жол  көлігіндегi жүктердi  тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

(2007.13.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

 

1. Жалпы ереже

 

1. Осы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі-санитарлық ережелер) азық-түлік тағамдарын, шаруашылық-ауыз суды, құрылыс материалдарын, қауіпті жүктерді, жануарлар мен мал шаруашылығы шикізаттарын теміржол көлігімен тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітеді.

2. Осы санитарлық ережелерде төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1) радиациялық жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған радиоактивті  материал;

2) тез бүлiнетiн жүк, багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн жүк, багаж.

 

 

2. Жүктің сыртын қораптауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

 

3. Тасымалдауға арналған жүктің сырты қорапталып, өлшеніп, пломбы салынып және жүктің атауы оның саны, нақты салмағы (көлемі) көрсетілген белгісі болуы керек. Жүктің сыртқы қорапталуы бүтін болып немесе зақымдалған ізі болмауы керек. Жүктің түріне байланысты  теміржол көлігіндегі  ілеспе құжат  (бұдан әрі-ілеспе)  рәсімделуі керек.

4. Көліктік таңба тікелей жүкке белгі қойылатын жерде жапсырма қағаздың көмегімен немесе үлгі арқылы сырлау, сумен жуылмайтын және кез-келген бетте жақсы ұсталынатын, жойылмайтын, қабатталып үгітіліп түспейтін, күннің сәулесіне шыдамды сыр жағу арқылы жүргізіледі.

5. Белгілер жазба түрінде, әріптермен, сандармен, суреттермен (нышандармен) белгіленеді. Белгінің түсі жүктің немесе қорабының сыртқы түсіне қарағанда қарама-қарсы болуы керек.

6. Жүк тиелген көлік құралдарына пломба салынуы керек.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами