Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен
Бекiтiлген
Осы редакция 2006 ж. 1 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң құзыретi шегiнде, әуе көлiгiн қоспағанда, көлiк саласында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндетi әуе көлiгiнен басқа, көлiктiң барлық түрлерiн қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етудi және олардың қызметiн мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде көлiктік қызметтер саласындағы қызметті мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру болып табылады.
Комитеттiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкi, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.