Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 144 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 2 марта 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 декабря 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 144 Қаулысы

 

ҚР Үкіметiнің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Смайылов                      - Қазақстан Республикасының

Әлихан Асханұлы                 Қаржы вице-министрi

 

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының

Марат Әпсеметұлы                Экономика және бюджеттік жоспарлау

                                вице-министрі;

 

мына:

 

"Ізмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасының

Бақтықожа Салахатдинұлы         Энергетика және минералдық ресурстар

                                бірінші вице-министрі, төрағаның

                                орынбасары"

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

"Ізмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасының

Бақтықожа Салахатдинұлы         Энергетика және минералдық ресурстар

                                министрі, төраға";

 

көрсетілген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы, Айтекенов Қайрат Меңдібайұлы, Өзбеков Ғани Нұрмұхамедұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом