Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 154 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына енгізілсін:
Балқаш көлі, Алакөл көлдер жүйесі, Іле өзені және Қапшағай су қоймасы бойынша:
Камалиев - Қарағанды облысы әкімінің
Берік Сайлауұлы орынбасары;
Каспий теңізі, Жайық өзені және Қиғаш өзені бойынша:
Нақпаев - Атырау облысы әкімінің
Сәлімжан Жұмашұлы орынбасары;
көрсетілген құрамнан Таласпеков Жомарт Секенұлы, Рысқалиев Бергей Сәулебайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
| міндетін атқарушы | К. Мәсімов |