Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Сот үкімі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2002 ж. 15 тамыздағы № 19 нормативтік қаулысы

 

Осы редакция  2006 ж. 9 наурыздағы   енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Сот үкімі - қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрі заңды және негізді болуға тиіс.

Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Мұның өзі үкімдердің өзгертілуіне және бұзылуына әкеп соғуда.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасын жинақтаудың нәтижелерін талқылай келе, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің сапасын жақсарту мақсатында қаулы етеді:

1. Заң бойынша үкім - Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі Конституция) 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі ҚІЖК) 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып, сотталушыға қатысты оның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі, қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады.

Үкімді бұлжытпай орындау ешқандай ерекшеліксіз барлық мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға міндетті болып табылады.

Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами