«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі
№ 1018 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы № 199 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 317-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендірудің ережесінде:
6-тармақ:
«күні ішінде» деген сөздерден кейін «шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Шотқа қате не кредит бойынша борыш сомасынан артық түскен қаражатты Сенім білдірілген өкіл (агент) көрсетілген қаражатты салушыға қайтаруға тиіс.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |