Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 215 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 сентября 2015

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына  өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 215 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 727 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 177-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «табиғи монополия» деген сөздер «табиғи монополиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге берілген өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу ережесінде:

тақырыбындағы, 2, 3-тармақтардағы және 4-тармақтың 2) тармақшасындағы «табиғи монополия субъектілерінің», «табиғи монополия субъектілері» деген сөздер тиісінше «табиғи монополиялар субъектілерінің», «табиғи монополиялар субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақта:

«10» деген сандар «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ресми бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «мерзімді баспасөз басылымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақта:

1) тармақшада:

«он бес» деген сөздер «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

«түпкілікті» деген сөз алынып тасталсын;

2) тармақшада:

«жеті» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;

«түпкілікті» деген сөз алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:

«8-2. Табиғи монополия субъектісі жария тыңдауларды өткізу күні туралы ақпарат жарияланғаннан кейін жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:

реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтік сметалардың, тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шекті деңгейлерінің жобаларын;

экономикалық жағынан негізделген есептемелері бар реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін арттыру себептері туралы ақпаратты ұсынады.»;

13-1-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом