«Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 ақпандағы № 67 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру тәртібін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 3 қазандағы № 469 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 11 қазанда № 2003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2003 жыл, № 8, 804-бап), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 344а бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен 2004 жылғы 13 тамыздағы № 3003 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі халықаралық шарттарды әкімшіліктендіру Ережелерінде:
1) 4-тармақта:
"2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 493" деген сөздер "2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 554" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 2628" деген сөздер "2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 3997" деген сөздермен ауыстырылсын;