«Екінші деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге
асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын
елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 46 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы № 19 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктердің («Standard & Poor`s» немесе «Fitch» рейтинг агенттіктерінің топтастыруы бойынша) «А-»-дан төмен емес немесе («Moody`s Investors Service» рейтинг агенттігінің топтастыруы бойынша) «А3»-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсіз ұзақ мерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатындығы белгіленсін.