«Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған
сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 212 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика
және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 113 Бұйрығы
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 259 бұйрығымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7-тармағына және 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 212 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 3087 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 2, 14-бап) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесінде:
4-тармақта:
1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталықтандырылған сауда нарығы операторы қызметтеріне және олардың төлемдеріне қол жеткізу мақсатында электр энергиясының
орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарты - электр энергиясының көтерме нарығының субъектісі мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторы арасында жасалатын шарт;
4) клирингтік баға - электр энергиясын сатып алу-сату спот мәмілелері бойынша есептесу үшін сараланған кесте сұранысы мен ұсыныстарды салыстырумен анықталған, операциялық тәуліктің әрбір сағаты үшін электр энергиясының бағасы;»;