Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнің арасындағы Шекара арқылы заңсыз өткiзілетiн мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелерi жөніндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Келісім
(Баку қ., 2000 жылғы 7 сәуір)
ҚР Үкіметінің 2000 ж. 17 қазандағы № 1550 қаулысымен бекітілді
2001 ж. 19 маусымда күшіне енді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi,
мәдени құндылықтардың заңсыз әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi мемлекеттердiң кеден және өзге құзыреттi органдары қорғалуына жәрдемдесуге мiндеттi халықтың мәдени игiлiгiне нұқсан келтiретiнiн атап көрсете отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасы Үкіметінiң арасындағы Кеден iстеріндегі ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 10 маусымдағы келісімнiң ережелерiн жүзеге асыру мақсатында
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Қазақстан тарабынан осы Келісімнiң ережелерiн жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi болып табылады.
Әзербайжан тарабынан осы Келісімнiң ережелерiн жүзеге асыру жөніндегі уәкiлеттi орган Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi болып табылады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптарға дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабарланатын болады.
2-бап
Тараптар мәдени құндылықтардың Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттік шекаралары арқылы заңсыз өткiзiлуіне қарсы күрестi күшейтуге ұмтылатын болады.
3-бап
Мәдени құндылықтар Тараптар мемлекеттерінiң ұлттық заңдарының ережелерiмен қарастырылған жағдайларда осы мемлекеттерден әкетуге берiлген тиiстi рұқсат болған ретте әкетiледi.
Осы келісiм бойынша мәдени құндылықтар түсiнiгi әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарына сәйкес анықталады.
4-бап