Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің мәселелері» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 719 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 19 мая 1995
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 мая 2006

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы
Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 719 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 1996.17.05. № 609 қаулысымен күші жойылды

 

«Балық» мемлекеттік акционерлік компаниясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 ақпандағы № 157 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет (Қазбалықкомитеті) аппаратының шекті саны 20 адам болып бекітілсін (үй-жайды күзететіндер және оған қызмет көрсететіндер бұған кірмейді).

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетке Комитет төрағасының бір орынбасарын және құрамы 5 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етілсін.

2. Балық өнеркәсібі флотының теңізде жүзу қауіпсіздігі мен порттық қадағалау қазақ мемлекеттік инспекциясын, қызметтерін реттеп отыру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетке жүктелген оқу орындарын, балық питомниктерін, уылдырық шашу - балық өсіру шаруашылықтары мен балық өсіретін зауыттарды, сондай-ақ балық шаруашылығы су қоймаларындағы балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;

осы Комитет төрағасының орынбасарын тағайындау және оның алқа мүшелерін бекіту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің құзырына жатады;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы комитетінің өз құзыры шегінде қабылдаған шешімдерін орындау балық шаруашылығы саласының барлық шаруашылық жүргізуші органдары, кәсіпорындары мен мекемелері үшін олардың заңдық мәртебесіне және меншік нысанына қарамастан міндетті болып табылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетті ұстауға қажетті қаржы бөлсін.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитетке 2 қызметтік жеңіл автомобиль лимиті белгіленсін.

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитет туралы Ережені әзірлеп, бекітсін.

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің төрағасына министрліктер мен ведомстволардың тиісті қызметкерлері үшін белгіленген тұрмыстық-материалдық және медициналық қызмет көрсету шаралары қолданылсын.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы балық шаруашылығы жөніндегі комитеттің аппаратын орналастыру туралы мәселені шешсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом