Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясының мәселелері» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30 наурыздағы № 369 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 30 марта 1995
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 мая 2006

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясының мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30 наурыздағы № 369 Қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 1996.17.05. № 609 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясы органдары жұмысының тиімділігін арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі жанынан республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сауда инспекциясы (Мемсаудаинспекция) құрылсын.

Мемсаудаинспекциясы аппаратының шекті саны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі орталық аппаратының адам санын тиісінше қысқарту есебінен 14 адам болып бекітілсін.

Мемсаудаинспекциясының бастығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тағайындайды.

2. Мемсаудаинспекциясы тиісті әкімдерге бағынысты облыстардың және Алматы қалалық сауда инспекцияларына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын болып белгіленсін.

Облыстардың, Алматы қалалық сауда инспекцияларының бастықтарын тиісті әкімдер тағайындайды.

3. Республикалық, облыстық, қалалық сауда инспекцияларына "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі талаптардың, сауда ережелері мен тәртібінің, баға тәртібінің сақталуын, Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің сауда жүйесіне сапасыз бұйымдар түсіруіне жол бермеуін бақылау жүктелсін.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы Ережесінің жобасын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне бекітуге енгізсін.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

бірінші орынбасары

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом