Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 352 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 2 мая 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 352 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Каменский» мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру зауыты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып анықталынсын.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;

2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «26        »Каменский» мемлекеттік мал тұқымын

                 асылдандыру зауыты» шаруашылық

                 жүргізу құқығындағы республикалық

                 мемлекеттік кәсіпорны                         ».

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом