Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Ойын бизнесі туралы
Қабылданды- 2007 ж. 12 қаңтардағы № 219-III ҚР Заңың қара
ҚР Үкіметінің 2006.28.04. № 338 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) құмар ойын - тәуекелге негізделген, қатысушылардың өз арасында не ойын мекемесімен жасалған, оқиғаның нәтижесіне олар қатысатын ұтыс туралы келісім;
2) букмекер кеңсесі - ойын мекемесін ұйымдастырушы мен барлық қатысушылар арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі;
3) ұтыс - құмар ойынында немесе бәс тігуде төленген және алынған қаражат сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалатын ақша немесе өзге де мүлік түріндегі мүліктік пайда;
4) төлем - ойын (бәс тігу) нәтижелерін шығарғаннан кейін құмар ойыны (бәс тігу) қатысушысы алуға жататын ақша сомасы немесе өзге де мүлік;
5) ойын автоматтары залы - құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу үшін ойын автоматтары пайдаланылатын ойын мекемесі;
6) ойын мекемесі - ұтыс алуды көздейтін, лицензия негізіндегі құмар ойындары және (немесе) бәс тігу өтетін ғимарат, үй-жай, құрылыс;
7) ойын бизнесі - құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты кәсіпкерлік қызмет;
8) ойын жабдығы - құмар ойындарын және (немесе) (бәс тігу) өткізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын құрылғы немесе құралдар;
9) ойын автоматы - ойын мекемесінің ұйымдастырушысы орнатқан және құмар ойындарын өткізу үшін пайдаланылатын (ойын мекемесі ұйымдастырушысының қатысуынсыз) ойын жабдығы (механикалық, электрлі, электрондық және өзге де техникалық жабдық);
10) казино - ойын жабдықтарын пайдалана отырып құмар ойындары өткізілетін ойын мекемесі;