Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылы 21 сәуірдегі
№ 137 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 15 сәуірдегі № 97 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010.30.04. № 59 қаулысымен күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2335 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 298 қаулысымен енгізілген өзгерістермен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3230 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
кіріспеде «Қазақстан Республикасының Заңдарына» деген сөздерден кейін «, «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
кіріспеде «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздерден кейін «, «Секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
9) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: