«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 02-01-02/64 Бұйрығы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасын бекіту туралы» 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 986 тіркелген, 2001 жылғы 23 маусымдағы № 149-150 «Казахстанская правда» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2000 жылғы 18 қаңтардағы № 02-1-7/3 - № 1043 тіркелген; 2000 жылғы 25 ақпандағы № 02-1-7/16 - № 1066 тіркелген; 2000 жылғы 16 маусымдағы № 02-1-7/60 - № 1173 тіркелген; 2000 жылғы 3 қарашадағы № 02-1-7/154 - № 1281 тіркелген; 2001 жылғы 6 маусымдағы № 02-2-4/98 - № 1544 тіркелген; 2003 жылғы 10 сәуірдегі № 02-01-02/44- № 2268 тіркелген және 2005 жылғы 21 маусымдағы № 02-01-02/80 - № 3694 тіркелген бұйрықтарымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидасында:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Өкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жолдауы бойынша олардың қызметкерлері үміткерлермен әңгімелесуге және конкурс комиссиясының қорытынды мәжілісіне қатыса алады.»;
7-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) тармақшалармен толықтырылсын: