«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы 1073 және 2005 жылғы 26 қазандағы
№ 1074 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 474 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы Ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1073 қаулысында:
2-тармақтағы «Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа» деген сөздер «Амангелді Смағүлұлы Шабдарбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жабу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1074 қаулысында:
2-тармақтағы «Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа» деген сөздер «Амангелді Смағүлұлы Шабдарбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрi | Д. Ахметов |