Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 479 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 31 мая 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 июля 2012

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 479 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 28, 354-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкін.»;

8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Аумақтық ішкі істер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтініш білдірген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негіздерінің жоқтығына тексеру жүргізеді.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтініш білдірген азаматтарға қатысты ішкі істер органдарының сұрау салуларын мүдделі мемлекеттік органдар он күн мерзімде қарайды.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом