Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 529 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 8 июня 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 августа 2018

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 529 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:

3-тармақтың 15) тармақшасындағы «оралмандарға» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдері шеңберінде тартылатын ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі маман болып табылатындарға».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом