Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 533 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 9 июня 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 ноября 2007

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі
№ 667 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 533 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 934 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 667 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 275-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесінде:

1-тармақтағы «, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығына» деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;

7 және 8-тармақтар алынып тасталсын;

9-тармақтың 2) тармақшасындағы «осы Ереженің 4-8-тармақтарында көрсетілген» деген сөздер «осы Ереженің 4-6-тармақтарында көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом