Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксуқұрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінің құрылысы жөніндегі өңірлік дирекция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 563 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датавторник, 20 июня 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксуқұрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінің құрылысы жөніндегі өңірлік дирекция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 563 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Солтүстіксуқұрылыс» Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында су шаруашылығы объектілерінің құрылысы жөніндегі өңірлік дирекция» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Павлодарсушар» су шаруашылығы жөніндегі шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде:

реттік нөмірі 22-жол алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом