«Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда № 2217 нөмірмен тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 476-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 63-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы № 73-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
10-тармақта:
бірінші бөлікте:
«және шығару» деген сөздер алынып тасталсын;
«орталық» деген сөздің алдынан «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
«қорытынды» деген сөз алынып тасталсын;