“Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы
16 наурыздағы № 168 Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудi және ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктерді көлік құралдарымен тасымалдау кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 571; 2001 жылғы 12 қарашадағы № 787; 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 775; 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 722; 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 528 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде:
6-тармақта:
3) тармақшасындағы "қарашадан" деген сөз "қазаннан" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша алынып тасталсын;
35-тармақтың 5) тармақшасындағы және 36-тармақтың 7) тармақшасындағы "41" деген сан "40-1" деген санмен ауыстырылсын;
Мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
"40-1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген көлік құралдары мемлекеттік техникалық байқаудан, жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде алғашқы тіркеу кезінде, сертификат немесе басқа да жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжаттар негізінде өтеді.".