«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 548 Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексеріс жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 82-ө өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 990 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 571, № 1349 болып тіркелген, 2001 жылғы 12 қарашадағы № 787, № 1699 болып тіркелген, 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 775, № 2092 болып тіркелген, 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 722, № 2651 болып тіркелген, 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 528, № 3138 болып тіркелген, 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168, № 3582 болып тіркелген бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібінде:
37-тармақтағы «техникалық жағдайын бағалау» деген сөздер «ақаусыздығын анықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: