Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған
Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы»
2002 жылғы 30 шілдедегі № 274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 49 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 81 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің толық есепшот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1972 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2002 жылғы 23 қыркүйек - 20 қазанда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2516 тіркелген 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 325 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3475 тіркелген 2005 жылғы 3 ақпандағы № 22 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбындағы, кіріспесіндегі және 1-тармағындағы «, кредиттік серіктестіктердің» деген сөздер алынып тасталсын;